ЕЛІМІЗДЕ ГАЗ БАҒАСЫ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ГАЗ БАҒАСЫ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ

17 просмотров

 

ЕЛІМІЗДЕ ГАЗ БАҒАСЫ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ

Қазақстанда шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өзгермейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Аймақ ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. «Ұлттық тауар өндіруші жүйені құрудың бірінші кезеңі жүзеге асырылады. Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі, шикі тауарлық газдың бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсан айындағы деңгейде бекітіледі», — дейді премьер-министр. Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді. Тұрғындардың сөзінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында газ бағасы 120 теңгеге жеткен. Халықтың наразылығына қатысты мемлекет басшысы пікір білдіріп, үкіметке тапсырма берген еді. Кейінірек, бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды. Нәтижесінде Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді және еліміздің әр өңірінде 180 күнге сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.