Елімізде тұңғыш рет «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы жарыққа шықты

Елімізде тұңғыш рет «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы жарыққа шықты

14 просмотров

Елімізде тұңғыш рет «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы жарыққа шықты

Осы уақытқа дейін елімізде Абылай хан, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің көптомдық кітаптары жарыққа шыққаны белгілі. Алайда, бұған дейін Қожа Ахмет Ясауиге арналған энциклопедия шықпаған болатын.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жарыққа шығарған «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясына ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне 2003 жылдан бастап енген Орта Азиядағы теңдесіз бірегей сәулет ескерткіш Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі, ондағы араб, парсы тілдерінде жазылған жазулар мен оның мән-мағынасы, сайыпқыран Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған ортағасырлық түпнұсқа ХІV ғасырдың шырағдандары, тайқазан, лауһа (тудың ұшы), есіктері, Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары, ұлы тұлғаның соңынан ерген шәкірттері, олардың еңбектері, Түркістанда жерленген қазақтың хандары, сұлтандары, билері, батырлары, діни-рухани және игі жақсылары туралы мәліметтер, қорық-музей қорында сақталған құнды жәдігерлер, Ясауи есімімен байланысты тарихи орындар және қорық-музей құрамындағы халықаралық, республикалық маңызы бар ескерткіштер туралы мәліметтер енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *