EMERGE x TURKISTAN: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

EMERGE x TURKISTAN: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

60 просмотров

EMERGE x TURKISTAN: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

Түркістанда 21-22 наурыз күндері EMERGE x TURKISTAN халықаралық tech-конференциясы өтеді. Онда қатысушылар стартаптарға өз жобасын ұсынып, инвесторларды тартуға және 10 000 АҚШ долларын ұтып алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, үздік деп танылған 5 стартап питч конкурсының жартылай финалына автоматты түрде өтіп, 2020 жылдың 1-2 маусымда Минсктегі Emerge жобасына EMERGE x TURKISTAN атынан қатысады. Бұл туралы облыс орталығында өткен аталмыш шараның ұйымдастырушылары берген баспасөз мәслихатында мәлім болды.

EMERGE x TURKISTAN: ҚАТЫСУШЫЛАРҒА МҮМКІНДІК МОЛ

Атап айтсақ, жиынның Лондондағы ұйымдастырушысы Алина Безуглова мен Минсктегі ұйымдастырушы Марго Лазаренково және «Serpin» білім және инновация ұлттық палатасының директоры Әкім Тұрсын рухани шаһарға келіп, БАҚ өкілдеріне іс-шараны тереңінен түсіндіріп,  маңыздылығына тоқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша EMERGE x TURKISTAN-ның басты мақсаты — жастар арасында дамып жатқан tech-хабты қолдау. Сол себепті де конференция ақысыз өтпек, алайда арнайы шақыртумен. Ал, қатысушылар тізімінде болу үшін https://emergeconf.io/turkistan/kz сайты арқылы 12 наурызға дейін өтінім тастауға болады. Конференция нәтижесінде IT-мамандар индустриядағы соңғы трендтерден хабардар болып, өз байланысын кеңейтуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, танымал Microsoft, Samsung, Huawei, PicsArt, Google, Facebook, Amazon, Speaker Examples, Abbyy, Uber, Revolut, skyeng, MTS, Alibaba және басқа да компания өкілдерімен жүздеседі. Инвесторлар болса, сапалы жобалар мен кәсіби серіктестер табуына ықпал етеді.

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

«Аймақ».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *