Емханаға тіркеліп, МӘМС-тегі мәртебеңді анықта!

Емханаға тіркеліп, МӘМС-тегі мәртебеңді анықта!

12 просмотров

Емханаға тіркеліп, МӘМС-тегі мәртебеңді анықта!


Емханаға тіркелу — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысудың алғашқы қадамдарының бірі. Осы тіркелу науқанының ерекшелігі мен маңыздылығы жайында білу үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевпен сұхбаттастық.

Емханаға тіркеліп, МӘМС-тегі мәртебеңді анықта!

— Емханаға тіркелудің маңыздылығы неде?

— Елімізде жыл сайынғы дәстүрлі 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталды. Бұл шараның маңызы — дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдауы керек. Емхана дәрігері пациенттердің үйіне барып, кеңес береді, ем шараларын жүргізеді. Әсіресе пандемия кезінде қажетті көмектерді үйіне барып көрсететін болады.
Кампания кезінде МСАК ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор дерекқорының абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді.
Емханаға тіркелудің тиімділігі әрбір тұрғын қай санатқа кіретінін анықтап, жарнаны мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әл­де өзінің төлейтіні жөнінде түсініп алу керек.

— Емханаға қалай тіркелуге болады?

— Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.
Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.
Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Тіркелу үшін қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханада қызмет алуды жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы білуге болады.

Емхана таңдауға не себеп болуы мүмкін?

Егерде азамат тұрғылықты немесе уақытша тұру орнын, жұмысты немесе оқу орнын өзгерткен болса; медициналық ұйым қайта құрылған немесе жойылған жағдайда; дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау кезінде жылына бір реттен артық емес;
Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның сіздің үйіңізге орналасу жағынан аумақтық жақындығын ұмытпау керек. Емхананың жақын орналасуы сізге және сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде сізге ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады
.

Таңдаған емхана пациентті тіркеуден қандай жағдайларда бас тартады?

Ондай жағдайда емхананың бас дәрігері сізді не үшін тіркеуге алмағанын түсіндіруі қажет. Жалпы, емхана сізді тіркеуден екі түрлі жағдайда ғана бас тарта алады. Бірінші, емханаға тіркелгендер саны тиісті деңгейден асып кеткен жағдайда және сіз аталған емдеу мекемесінің қызмет көрсететін аумағында тұрмайтын болсаңыз және дәрігерді үйге шақырту қызметінен бас тартуға келісім бермеген жағдайда ғана бас тарта алады. Бұл тек сырттан келіп тіркелгендер үшін, ал сіз сол емхана аумағында тұратын болсаңыз, сізді тіркеуден бас тартуға бас дәрігердің қақысы жоқ. Мәселен, сіз қайта тіркелуге үлгермей қалдыңыз, бірақ бұрыннан сол емханада тіркеудесіз, емхананың көрсететін қызметіне қанағаттанатын болсаңыз, онда медициналық ұйым сізді келесі жылы қызмет көрсету үшін өз еркімен бекітуге құқылы. Бүгінде емханаға тіркелу науқаны барысында тіркелген-тіркелмегеніңізді анықтап қойғанның артықтығы жоқ. Ал жедел жәрдем кез-келген жағдайда кез-келген қала аумағында қызмет көрсете береді. Оның қызметіне алаңдамауға болады.

— Мемлекеттік емхана мен жекеменшік емхананың қызмет көрсету ісінде қаншалықты айырма бар? Қайсысы сапалы ем-дом жасайды деп ойлайсыз?

– Әрине, осы тіркелу науқанында көп азаматтар жақсы сапалы, өздеріне ынғайлы емханаға тіркелуге тырысады. Себебі кімде болса, мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келеді. Дегенмен, өз басым мемлекеттік емханалардағы қызметтер белгілі стандартқа сай дер едім. Яғни, сапалы медициналық қызмет көрсетуде мемлекеттік мекеме бір саты жоғары тұрады деп ойлаймын. Себебі, мемлекеттік емханалардың арнайы жабдықталған стандартқа сәйкес өз ғимараттары бар. Қажетті құралдар жеткілікті. Тиісті сала мамандары да мемлекеттік мекемелерде жетерлік. Десек те, жекеменшік клиникаларда да білікті мамандар барын жоққа шығара алмаймын. Ең бастысы әрбір азамат өзіне ыңғайлы емхананы дұрыс таңдағаны жөн.
Айта кету керек, кез келген азамат басқа мекенжайға ауысқан жағдайда немесе жылына 1 рет басқа емхананы таңдауына болады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *