ЕНДІ ЕШҚАШАН ҚАРАЛЫ КҮН БОЛМАСЫН!

ЕНДІ ЕШҚАШАН ҚАРАЛЫ КҮН БОЛМАСЫН!

24 просмотров

ЕНДІ ЕШҚАШАН ҚАРАЛЫ КҮН БОЛМАСЫН!

Аты жаман аурудан қаза тапқандарды еске алып, Жалпыұлттық аза тұту күнін өткердік. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің телеарналарында жасаған Үндеуінде айтты.
Бүкіл әлемді жайлаған бұл инфекция біздің еліміздің халқын да аямауда. Соның салдарынан қаншама арыстай азаматтарымыздан, елім-жерім деп еңбек еткен ерлерімізден айырылдық.

Жұқпалы індеттің алдын алуда, науқастардың ауруынан айығып кетуіне ақ халатты абзал жандардың еңбектері ерекше. Өкінішке орай олар да ажал құрығынан құтыла алмауда.

Бұл күн еліміздің басынан өтіп жатқан қайғылы оқиғалардың құрбандарын есте сақтай отырып, болашақтың бесігі аман сақталсын деген ниет болып табылады. Осыған орай КВИ инфекциясынан жақындарынан айырылып, қара жамылып отырған барлық отбасылардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Талай сынақтарды басынан кешірген халқымыз бұл қиыншылықтан да аман-есен өтетінімізге сенімдімін. Ол үшін барлығымыз қауіпсіздік талаптарын бірауыздан сақтап, тәртіпке бағынуымыз қажет. Сонда ғана аты жаман ауру бізді айналып өтеді.

Осындай қиын кезеңде барлығымыз жақындарымызға жанашыр болайық.

Аспанымыз ашық, еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Ендігі жерде елімізде ешқашан қаралы күн болмасын!

М. Қадырбек

Арыс қаласының әкімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *