«ЕРІКТІ БОЛУ - БІРДЕЙ КЕПКАМЕН ФУТБОЛКА КИЮ ЕМЕС, ҚОҒАМҒА ПАЙДАҢНЫҢ ТИЮІ»

«ЕРІКТІ БОЛУ — БІРДЕЙ КЕПКАМЕН ФУТБОЛКА КИЮ ЕМЕС, ҚОҒАМҒА ПАЙДАҢНЫҢ ТИЮІ»

195 просмотров

«ЕРІКТІ БОЛУ - БІРДЕЙ КЕПКАМЕН ФУТБОЛКА КИЮ ЕМЕС, ҚОҒАМҒА ПАЙДАҢНЫҢ ТИЮІ»


Мемлекет басышысы биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осы жыл аясында талай ілкімді істерге куә болудамыз. Атап айтсақ, төтенше жағдайда волонтерлардың бірі тұрғындарға тегін бетперде тарқатса, тағы бірі блок бекетте жұмыс жасаушыларға ыстық тамақ үлестіруде. Енді бірі тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созуда. «Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші осындай қайырымды шаралардың ұйытқысы болып жүрген еріктілердің бірі «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Шымкент» МГҚБ Түркістан Газ Шаруашылығы мекемесінің II санатты инженері Ақиқат Абдуллаевпен әңгімелестік.

— Армысыз Ақиқат Махмудұлы. Алғашқы сұрақ сіздің ұғымыңызда ерікті деген кім?

«ЕРІКТІ БОЛУ - БІРДЕЙ КЕПКАМЕН ФУТБОЛКА КИЮ ЕМЕС, ҚОҒАМҒА ПАЙДАҢНЫҢ ТИЮІ»


— Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді ойлайтын адамды «ертікті» деп атауға толық негіз бар. Ондай жандар көмектесуді өздеріне парыз деп санап, тіпті жасаған қызметі үшін өтемақы сұрамайды. Мысалы, қазіргі таңда әлемде 970 миллионнан астам волонтерлар бар екен. Ал, қазақстандық әрбір сегізінші тұрғын осы еріктілер қатарын толықтыруда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында «Мен еліміздің әрбір өңірінде волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Еріктілердің бойындағы қайрат, жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс. Ғұлама Абай «Адамзаттың барлығын сүй бауырым» деп баршамызға өсиет қалдырды. Волонтер болу — жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сендер қолға алған жұмыстардың барлығы еріктіліктің жарқын үлгісі боларына күмәнім жоқ. Мен волонтер жылы аясында ең алдымен еліміздің жастарына зор сенім артамын» деп сенім білдірген болатын. Осы күні ерікті жастардың халықты жақсылыққа үндеп, жасаған қайырымды істеріне іштей қуанамын. Шама келгенше бізде бұл қанға сіңген қайырымды істерден шет қалмауға тырысамыз. Шын ниетпен жасалған жұмыстың қашан да жақсы нәтиже берері анық. Ерікті болу — бірдей кепкамен футболка кию емес, қоғамға пайдаңның тиюі деп білемін.

— Жоғарыда қайырымды істерден шет қалмауға тырысамыз деп қалдыңыз. Осы жөнінде толықтыра айтсаңыз.
— Қазақ халқы тарихтан белгіліғой жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел. «Бас жарылса бөрік астында, білек сынса жең ішінде» деп өз жақындарына көмекті аямайды емес пе? Жоғарыда тілге тиек, сөзге мәйек еткен «ерікті» сөзі қазақ халқы үшін жат ұғым емес. Себебі, бұл сөз «асар» деген сөзбен астарлас секілді. Бұрындары ауылда ағайын немесе көрші үй салып жатса асарлатып көмек көрсетіп жататын. Көрсеткен көмегі үшін ақы да алмайтын. Тілсіз жаудан үйінен айырылған отбасыға «жылу» жинап жәрдемдесетін. Міне соның жалғасы болып етек жайған еріктіліктің арқасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасылармен мүмкіндігі жектеулі жандар және қартайған шағында қараусыз қалған адамдарға көмек қолы созылып келеді. Бұл ретте, ұжымымызбен және жекелей түрлі қайырымдылық акцияларына қатысып тұрамыз. Мәселен, өткен жылы 12-рет ұйымдастырылған республикалық «мектепке жол» акциясы аясында әріптестерімізбен бірге демеушілік тыныттық. Сондай-ақ, «Біз біргеміз» бастамасы барысында елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, Түркістан қаласы, Сауран мөлтек ауданы, «Мақтазауыт» аумағында тұратын әлеуметтік әлсіз, тұрмысы төмен отбасыларға «Интергаз Орталык Азия» АҚ-ның «Шымкент» МГҚБ Түркістан Газ Шаруашылығы ұжымы болып ауылдағы ел ағалары, ауыл билерінің нұсқауымен азық-түлік үлестірдік.

— Алғашқы еңбек жолыңызды қайдан бастап, жұмысыңызда қандай жетістікке жеттіңіз?
— 2014 жылы Түркістан қаласына көгілдір отын енді кіріп жатқан шақта аталмыш мекемеге жұмысқа орналастым. Алғашында апатық қалпына келтіру слесары болып еңбек жолымды бастап, сонан соң автоматты газ тарату стансасының операторы, Түркістан қаласы газ шаруашылығының газ құбырларына қызмет көрсету қызметінің жетекші маманы болдым. 2018 жылы мамырда Келес ауданы газ шаруашылығына директор. Облыс статусын алған рухани шаһарға 2018 жылдың күзінде қайта оралып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Шымкент» МГҚБ Түркістан Газ Шаруашылығы мекемесінің II санатты инженері болып қызмет атқарып келемін. Жетістік деп айтуға келмес, бірақ еңбектің еленгені деп айтуға болатын шығар. Қала әкімшілігі мен қалалық «Nur Otan» партиясы филиалынан алғысхаттар мен мекеме аралық шақмат сайысынан жеңімпаз атандым. 2019 жылы қыркүйектің алғашқы жексенбісі мұнай-газ саласының төл мерекесіне орай ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан арнайы «Қазақстан мұнайына 120 жыл» деген төсбелгімен марапатталдым. «Nur Otan-ның» мүшесімін.

— Қай жердің тумасысыз? Өзіңіз және жанұяңыз жайлы баяндасаңыз?

— 1991 жылы Өзбекстан елінде туғанмын. Отбасымызбен рухани шаһарға 1992 жылы қоныс аударып, балалық шағымның бәрі Түркістанның топырағында өтті. 1997 жылы Некрасов атындағы №9 орта мектебіне оқуға қабылданып, 2009 жылы аталмыш орта оқу орнын аяқтадым. Шымкент қаласындағы Мұқтар Әуезов атындағы Мемлекеттік университетінің Жеңілөнеркәсіп факультетіне оқуға түсіп, студенттік бағдарламаның арқасында 4 ай АҚШ-та білімімді арттырдым. 2015 жылы ХҚТУ-да мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын және 2018 жылы Қазақстан халықтар достығы университетінің экономикаға мамандығының магистратурасын тәмәмдадым. Жан-жарым Асем балабақшада саз-өнердің жетекшісі болып жұмыс жасайды. 1 ұл 1 қызым бар.

— Әңгімеңізге рақмет.


Сұхбаттасқан:
Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,
«Аймақ».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *