ЕРІКТІЛЕР ЕЛДІМЕКЕННІҢ КӨРКЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

ЕРІКТІЛЕР ЕЛДІМЕКЕННІҢ КӨРКЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

25 просмотров

ЕРІКТІЛЕР ЕЛДІМЕКЕННІҢ КӨРКЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бастамасымен ауданға қарасты барлық кенттер мен ауылдық округтерге қарасты елді мекендерде жастар мен ересектер арасында еріктілер тобы құрылған болатын. Топ жетекшілерімен және мүшелерімен орталық басшысы Сүндет Кенжебаев арнайы кездесіп, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарын бекіткен. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Достық ауылдық округінің еріктілері қарқынды жұмыс бастады. Ересектерден құрылған бұл топ бірінші кезекте елді мекендердің тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына мән беруде. Барлық арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, мектептер мен балабақшаларда, мешіттерде, көше бойларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.
«Бірінші кезекте бізге керегі тазалық. Тазалық болған жерде денсаулық та, жұмыс та, өсім де болады.
Біз бүгінде тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын қолға алып отырмыз. Өйткені, ұрпағымыздың таза көшемен жүріп, көкмайсада демалғанын қалаймыз» дейді округтің еріктілері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *