ЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫ

ЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫ

63 просмотров

ЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫ

Өткен жылғы футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына түркістандық арулардан құралған «Томирис-Тұран» командасы керемет нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанған болатын. Өткен жылы ғана жоғары дивизионда өнер көрсетуіне қарамастан, 2022 жылы футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды. Осындай жоғары жетістікке жеткен «Томирис-Тұранның» бұл жетістігі қандай мақтауға болса да лайық. Команданың жұлдыздай жарқырар сәті әлі алда деп сенеміз.

ЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫ

Естеріңізге сала кетейік, 2021/22 маусымынан бастап әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы жаңа форматта ойнатылады. Командалар алғашқы турдан бастап Чемпиондар жолы мен Лига жолында бірнеше топқа бөлінеді. Екі жолдың да іріктеу кезеңі бірдей. Бірінші кезеңде командалар шағын турнирлер форматында жарысады, оның жеңімпаздары топтан шығады. Екінші айналымда командалар жұптасып, бір-бірімен үйде және сыртта ойнайды. Қазақстандық екі команда да жарысқа алғашқы турдан бастап қатысады.

ЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫ ЕРТЕҢ «ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛАДЫ

Құдай бұйыртса ертең жеребе тартылады. Түркістан облысының «Томирис-Тұран» командасына жеребе жолдас болсын дейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.