ЕРЖАН ЖҮНІС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРАДЫ

ЕРЖАН ЖҮНІС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРАДЫ

185 просмотров

ЕРЖАН ЖҮНІС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРАДЫ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы — баспасөз хатшысының міндеттерін уақытша атқарушы болып Жүнісов Ержан Қошқарәліұлы тағайындалды. Е. Жүнісов 1985 жылы Шымкент қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «журналистика» мамандығын тәмәмдап, Ыстамбұл қаласы «Мармара» универсиетінің магистратура бағдарламасы бойынша білім алды. Еңбек жолын 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ редакторы қызметінен бастап, әр жылдары жаңалықтар бөлімінің корреспонденті, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері болған. 2013-2018 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі АҚ «Хабар 24» арнасы халықаралық ақпарат бөлімінің Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Жас келсе іске демейме. Түркістан облысының тынысын халықаралық деңгейде жария етуге қарымы мен қабілеті жететін жас кадрға сәттілік тілейміз. Облыс көлеміндегі игі істерді насихаттауда Ержан Қошқарәліұлы бастаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Ендеше, іске сәт!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *