Еселі еңбек еш кетпеді

Еселі еңбек еш кетпеді

21 просмотров

Еселі еңбек еш кетпеді

Елімізде орын алған пандемия кезеңі – дерттің өршіген уақыты халықтың нағыз дүрбелеңге түскен кезі болды. Жаппай жұққан індет бас көтертпеген қиын тұста ақ халатты абзал жандар халықтың жанынан табыла білді. Дерттің қауіпті екендігін біле тұрса да бастарын қатерге тігіп, тәуекелге бел буып, сырқат жандардың дертіне дауа, еміне шипа бола білді. Уақытпен санаспай, тәулік бойы ел аралап, өздеріне де сол дертті жұқтырып алып жатты. Бірақ, Гиппократ антына адалдықтарын танытты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында осындай адамдардың еңбегінің ерекше құрметпен аталып өткендігіне ризалығымды білдіремін. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, дәрігерге барып, көмегіне жүгінеміз. Осы бір індет кезінде де дәрігерлер өз міндеттерін жауапкершілікпен орындап, абыройлы іс тындырды.

Дәрігер еңбегін бағалаймыз әрі оларды құрметтейміз. Қызметіне бас иеміз! Еліміз аман, жұтымыз тыныш, халқымыз індеттен сау болсын.

Сабиров Нұрдыбек,

Түркістан қаласының тұрғыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *