ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

21 просмотров

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін Шардара қаласының спорт кешенінде, Грек-рим күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанаты барысында алғашқы сөз кезегін алған Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Шардара ауданында Грек-рим күресінен ел чемпионатының тұңғыш рет өткелі тұрғанын және Шардара топырағынан 56 әлем чемпиондары шыққанын тілге тиек етіп, осынау чемпиондардың жеңісі бүгінгі жарысқа қатысқалы тұрған спортшыларға да жұғысты болсын дей келе , жарысты ашық деп жариялады. Келесі сөз кезегін алған Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Бердашов , осы жарыстың ұйымдастырушыларына үлкен алғысын айта отырып, ел чемпионатына қатысқалы отырған барша спортшыларға сәттілік тіледі.
Келесі сөз кезегін алған, күрес түрлерінің атасы атанған Бақыт Жаңбырбаев , Шардара спорты десе ең бірінші Қол күресі еске түсетіні және өңірімізде спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Қарсыбаев Арман Романұлының еңбегі орасан екенін атап өтіп, алғысын жаудырды. Сонымен бірге , бүгінгі жарысқа қатысқалы отырған спортшыларға сәттілік тіледі.

Келесі кезекте Республикамызда грек-рим күресінің дамытудағы сіңіріп жүрген еңбегі үшін Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының алғыс хатымен және естелік сыйлығымен грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының жетекшісі Қылышбаев Абылайханды басқарма басшысының орынбасары Айтжан Бердашов марапаттады. Және осы марапатқа қоса Республика және Облысымызда күрес түрлерінің дамуына сіңіріп жатқан еңбегі үшін Шардара ауданы әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлығымен күрес түрлерінің атасы атанған Бақыт Жаңбырбаевты , аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *