ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ 2 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ КӨМЕККЕ БЕРДІ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ 2 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ КӨМЕККЕ БЕРДІ

22 просмотров

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ 2 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ КӨМЕККЕ БЕРДІ

Бүгін Түркістан қаласы Әл-Фараби көшесі бойында орналасқан әлеуметтік дүкенде көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік ретінде көмек көрсетілді. Аталмыш шара облыстық ақсақалдар алқасы мен қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің бастамасымен ашылған тегін қайырымдылық дүкенінде өтті.

Бұл ретте облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов 2 тонна азық-түлік табыс етті. Ол бұл қадамын елдегі коронавирус індетімен күрес кезіндегі азаматтық борышы екенін жеткізді. Әр азамат қолында барымен халыққа қолдан келген көмек көрсетіп жатса сауапты іс болар еді дейтін ойын да айтып өтті. Атқарып жатқан игілікті жұмысы бұл ғана емес, өз қарамағындағы тігіншілерге бетперде тіккізіп қараша халыққа тегін таратуды да ұмыт қалдырмаған.

Жиын барысында облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов базар, 32 сектордағы дүкен бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарған жұмыстар легіне тоқталды. Қазіргідей өтпелі кезеңде кәсіпкерлер жеке бастың пайдасынан гөрі, халықтың жағдайын басты назарда ұстау керек екендігін тілге тиек етті. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады дейтін жағдайдың болмауын бірлікте жасауымыз керек дейтін ойын ортаға салды.
Сонымен қатар, 2 тонна азық-түліктің жеті түрі бойынша он бір баланы тәрбиелеп отырған отбасыға және осы тектес тұрмысында қиындық орын алып отырған азаматтарға көмекке берді.

Айта кетейік, аталған орынға шаһардағы белгілі кәсіпкерлер мен ізгі ниетті жандар тарапынан көмекке берілген азық-түлік, киім-кешек секілді тұрмыстық қажетті бұйымдар жиналады. Осы заттар қала аумағында құрылған 16 сектордан таңдап алынған тұрмысында қиыншылығы бар 16 отбасыға беріліп отырады.

Олардың жағдайына қарап саралап, талдау үшін әр сектордағы ауыл ақсақалдарынан құрылған арнайы топ жұмыс жүргізеді. Сонымен лайық деп танылған тұрмысы ауыр жандар үшін дүкен аптасына бір мәрте (сәрсенбі күні) игілікті жұмыс атқарып отырады. Онда бес келі ұн, бес келі күріш, бес келі макарон, үш келі құмшекер, пісте май, тұз, шай секілді жеті түрлі тұрмыстық зат және киім-кешек беріледі. Атаулы бастаманың жалғасын тауып келе жатқанына бір жылдан астам уақыт болған.

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ 2 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ КӨМЕККЕ БЕРДІ

Шара соңында Баймахан Сүлейменов базар төңірегінде 1000 нан астам бетпердені қала тұрғындарына өзі бас болып таратып берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *