
Құрметті қала тұрғындары!
⠀
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұстанған #ХалықтықӘкімдіктің қызметкерлерімен таныстыруды бастаймыз. Ал, алдағы уақытта әрбір орынбасарлар мен бөлім басшылары тікелей эфирге кіріп, жұмыс барысымен өздеріңізді таныстыратын болады.
⠀
Базарқұлов Мұрат Серікбайұлы (@murat_serikbaiuly) — Түркістан қаласы әкімінің орынбасары. 1980 жылы 6 сәуірде дүниеге келген.
⠀
Мұрат Серікбайұлы — қаладағы білім, экономика, мәдениет, спорт және басқа салаларға жауапты. Оның басшылығында: «Адами капиталды дамыту бөлімі» (білім), «Экономика және қаржы бөлімі», » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Спортты дамыту бөлімі», «Ішкі саясат бөлімі», «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» және «Мемлекеттік сатып алу бөлімдері» бар.
⠀
2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде және 2015 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алған. Мамандағы бойынша саясаттанушы және құқықтанушы.