Халықаралық әуежайға барар жол аяқталуға жақын

Халықаралық әуежайға барар жол аяқталуға жақын

10 просмотров

Халықаралық әуежайға барар жол аяқталуға жақын

Түркістан қаласында салынып жатырған Халықаралық әуежайға баратын тас жол құрылысы аяқталуға жақын. Жолдың негізгі бөлігі қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Тәуелсіз жылдарындағы салынған алғашқы әуежай киелі Түркістанның туризміне үлкен серпін берері сөзсіз. Сондықтан, әрбір салынған нысанның сапасы толық тексеріліп, мамандардың бақылауынан өтуі тиіс. Алынған сынамалардың нәтижесі көңіл қуантады. Жылдам салынған әуежайға барар жолдың да сапасы жоғарғы деңгейде дейді мамандар.

16,3 км ұзындықта құрайтын жол құрылысы екі учаскіге бөлінген. Оның біріншісіндегі жұмыстардың көп бөлігі толықтай аяқталып, тек көгалдандыру ғана 85%-ға дайын. Нысан қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Екінші учаске боййынша да жұмыстардың қарқыны бәсеңдеген жоқ. 2020 жылдың ақпанында алынған сынамалар көрсеткендей 5,1-16,3 км қашықтықты құрайтын төрт жолақты жолдың сапасы сыннан сүрінбей өткен. 8,9 млрд. теңгені құрайтын жобаның негізгі жұмыстары толық аяқталған.

Бүгінгі күні, Шаға өзені мен АТК каналындағы көпірлер құрылысы толық аяқталған. 7,8 км жолға қара қиыршық тас төселіп, 7,4 шақырым жердің түйіршікті асфальтобетон жабыны салынған. Барлық жұмыс талаптарға сай жасалып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *