ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

12 просмотров

ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары!

⠀Сіздерді #ХалықтықБақылау тобының мүшелерімен таныстыруды бастаймыз. Сондай өз өтінімін берген тұрғынның бірі — Хусан Алимбеков. 1990 жылы рухани шаһарда дүниеге келген. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектепте білім алған. 2008-2012 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде физика мамандығы бойынша бакалавр тәмамдаған.⠀2015 жылдан бері Жаңаөзен қаласындағы №19 мектепте физика пәнінен сабақ беріп келеді. Карантин режимінде қашықтықтан оқыту аясында туған жерінде жүріп, қала дамуына сеп берсем деген ниеті бар. Жас та болса, өзі де біршама жүлдегер шәкірттерді тәрбиелеп үлгерген.⠀Бақылау тобы жайлы инстаграм парақшамыздан көріп, өтінім бере келе, өзі қатты қызығушылық танытқан білім саласы бойынша бақылау жасап, қаланың білім саласының дамуына немқұрайлы қарамайтынын көрсетіп, олимпиадалық мектеп ашу бойынша ұсынысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *