«Халықтық кеңседе» 600-ге жуық қызмет түрлері көрсетіледі

«Халықтық кеңседе» 600-ге жуық қызмет түрлері көрсетіледі

10 просмотров

«Халықтық кеңседе» 600-ге жуық қызмет түрлері көрсетіледі

Бүгінде еліміз бойынша басқару құрылымдары неғұрлым қарапайым жұмыс үлгісін таңдап, тұрғындарға ашық форматта қызмет көрсетуге көшкен. Бұл – халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін бірден-бір тиімді бастама. Жұрт бұдан былай қажетті құжаттары үшін кезекті сарыла күтпейді. Себебі, қала әкімдігі жанынан пилоттық жоба ретінде ашылған «Халықтық кеңседе» 600-ге жуық қызмет түрлері көрсетіледі. 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап есігін айқара ашқан «Халықтық кеңседе» қала әкімдігіне қарасты төмендегі дербес бөлімдер:

  • Жер қатынастары;
  • Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы;
  • Бизнесті қолдау және туризм бөлімі (ауыл шаруашылығымен бірге);
  • Адами капиталды дамыту бөлімі;
  • Спортты дамыту бөлімі;
  • Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі;
  • Сәулет және қала құрылысы;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтің түрлерін көрсетіп, арыз-шағымдар бойынша жұмыс жасайды.

Өтінімдерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімі басшысы Мадина Байғұттың айтуынша, бір күнде келушілер саны орта есеппен алғанда 110-120 адамды құрайды. Өйткені, бұл жерде egov порталы арқылы алынатын 600-ге жуық қызметтің барлығын ала алады. Сонымен қатар, қала әкімі Рашид Аюповтың атына келетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, әр сәрсенбі күні ZOOM платформасы арқылы онлайн қабылдау жасайды.

   Ал, күнделікті шұғыл (жарық, су, газ, және т.б.) мәселелерге қатысты сауалдар диспетчерлік 87020325732 (WhatsApp)  нөміріне тәулік бойына қабылданатын болады. Келіп түскен, өтініш, сауалдар бойынша тиісті бөлімдер жұмыстар атқарады. Тағы бір айта кететін жайт, электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ), анықтамалардың түрлерін алу үшін кейбір азаматтар өзге мекемелерге барып ақы төлеп жатады. Ал, «Халықтық кеңседе» осы қызметтердің барлығы тегін көрсетіледігін естеріңізге саламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *