Халықтық топ су мәселесіне назар аударды

Халықтық топ су мәселесіне назар аударды

5 просмотров

Халықтық топ су мәселесіне назар аударды

Халықтық Топ мүшелері бұл жолы тұрғындар тарапынан көптеп өтінім түсіп жатқан су мәселесіне назар аударды. Осыған орай, топ мүшелері «Түркістан Су» мекемесіне барып, жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысты. Мекеме басшысы Сейілбек Дайрабай шұғыл жағдайда атқаратын жұмыстың қиыншылықтарымен де бөлісті.Топ мүшелері қаланың кей аймақтарында судың уақытша өшіп қалуының себебін іздеген.

Бұл оқиғаға құбырдың жарылып кетуі себеп болған. 1970 жылдан бері қолданыста пайдаланылған айтады. Түзету жұмыстарының барысы арнайы кезеңдерден тұрады. Алғашқы құбыр жарылғанда су 1 сағат көлемінде толық ағып бітеді.

Сыртқа шыққан су арнайы көліктермен тартылып алынады. Жарылған жерден құбырға дейін қазылып, сол кезде ғана жарылу себебін анықтау мүмкіндігі болатынын түсіндірді. Мекемеге осы іспетті арыз шағымдар тамыз айында 436-ны құраған. Бұдан бөлек, көше бойында құдық қақпақтарының жоғалуы бойынша #ХалықтықТоп мүшелері мәселенің себебін түсіндіруді сұрады. Тұрғындардың ашық қолсұғушылығынан да құдық қақпақтарының ұрланып жатқанын да жасырмады. Жалпы, қала бойынша су құбырларының құдықша қақпақтары 10940 дана, оның ішінде 1630 данасы кәріз жүйесі, ал 9310 данасы су құбырлары жүйесіне тиесілі.Айта кетейік, қазіргі таңда «Түркістан Су» мекемесі су өлшегіш құралдарды әр отбасы өзінің тұрғылықты үйінің аумағына орнататын жүйені ұсынып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *