ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАНЫШЫН БҰЗУ ОҢАЙ ЕМЕС

ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАНЫШЫН БҰЗУ ОҢАЙ ЕМЕС

22 просмотров

ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАНЫШЫН БҰЗУ ОҢАЙ ЕМЕС
Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев төрағалық еткен лездемелік мәжіліске ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, СЭС басшысы Е.Түктібай, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Б. Есенов қатысты.
Апта сайын бірнеше рет мониторингтік топтардың атқарған жұмыстары бойынша селекторлық режимде қаралады. Саннан сапаға көшу қажеттігі аталды. Яғни, ауылдық округтердегі әр бір нысандар бойынша карантин талаптарын сақталуына мониторинг жүргізіп, кемшіліктер бойынша тиісті құжаттар рәсімдеу тапсырылған. Ауылдық округтерде мешіттерде дыбыс күшейткіш құралдары арқылы халықты маскалық режимді қатаң сақтау бойынша ақпараттық хабарламар бойынша жұмыстары төмен. Әлеуметтік нысандарда ара-қашықтықты сақтау, отбасылық іс-шараларды өткізбеу жөнінде ақпараттандыру жұмыстары өте төмен. Нысандардындарды аралаумен ғана шектеліп, ондағы кемшіліктер бойынша құжаттар рәсімделмейді. Білем халықтың қуанышын бұзу бізге де оңай емес, түсінсеңіздерші тойдан бұрын тұрғындарымыздың қауіпсіздігі, денсаулығы маңызды,- деді аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев
Сондай-ақ аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының барысы баяндалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.