ІНДЕТПЕН КҮРЕСУГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙЫҚ

ІНДЕТПЕН КҮРЕСУГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙЫҚ

12 просмотров

ІНДЕТПЕН КҮРЕСУГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙЫҚ

Бүгінде барша әлемнің назарын аударған COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны елімізде күн санап артып келеді. Әлемдік деңгейде үлкен ауқым алған бұл жаңа вирустың әлі күнге дейін емі табылар емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекцияны өте ауыр індет екендігін жария еткен болатын. Соған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы дерттің алдын-алу мақсатында Қазақстан халқына өз үндеуін жариялап, төтенше жағдай енгізіп, тиісті министрліктер мен құзырлы органдарға кезек күттірмейтін көптеген шұғыл шараларды қолға алуды тапсырған болатын.

Сонымен 2020 жылы наурыз айының 16 жұлдызынан бастап Мемлекет басшысы еліміздегі орын алған індетке байланысты төтенше жағдай жариялауына байланысты Түркістан қалалық орталық ауруханасына 50 орындық төсекке арналған провизорлық стационар ашылған болатын. Бұл орынға кез келген дене қызуы көтерілген не тұмау белгілері бар науқастар жатқызылып, тексерілуде. Сонымен қатар, аталған 50 орындық ауруханаға коронавирусқа күдікті деген науқастар жатқызылып, коронавирус індеті расталған жағдайда арнайы госпиталға ауыстырылады. Індетке шалдыққан науқастарды алғашқы төтенше жағдай кезінде көршілес Кентау қаласына жіберіліп келді. Ал, егер коронавирус індеті расталмаған жағдайда қаладағы провизорлық стационарда науқастар емін жалғастыруда.

Түркістан қалалық орталық ауруханасының базасы негізінде Түркістан жоғары медицина колледжінде 150 орынға арналған карантиндік стационар жұмыс істеді. Ол карантиннің бастапқы мақсаты коронавируспен расталған науқастармен бірге қатынаста болған және тек бақылауды талап ететін адамдар жатқызылды. Үш ай мерзім ішінде карантиндік стационарда 600-ден астам адам қаралып, бақыланып шықты.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің нұсқауымен Мемлекет басшысына бірнеше жоба ұсынылғаны белгілі. Осы ұсынылған жобаның ішінде 2 апталық яғни 2020 жылдың 5-20 шілде аралығында карантиндік режим енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирусты емдейтін инфекциялық төсек орындардың санын 50 пайызға көбейту жөнінде тапсырма берілді. Осыған орай, 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қалалық аурухананың базасында қосымша 30 төсек орындық инфекциялық госпиталь ашылды. Жалпы саны ауруханада 50 орыннан 300-ге дейін көбейтілді.

Бүгінгі жағдайда дәрігер ретінде қала тұрғындарына айтарым, қазіргі таңда жер-жерде пневмания дерті өршіп тұрғаны жасырын емес. Сондықтан әрбір қала тұрғынының дене қызуы көтеріліп, ауырған болса, ең бірінші өздерінің аймақтық дәрігерлеріне көрінген абзал. Тек дәрігердің тағайындауымен берілген дәрі-дәрмекті қабылдауы қажет. Егер науқас орта дәрежелі не ауыр дәрежелі жағдайда болса бірден провизорлы стационарға жатқызылады. Бұл провизорлы стационарда біздер науқасты сұрыптап, мұрыннан, жұтқыншақтан жұғынды алып, ПЦР тәсілімен коронавирусты анықтауға талдау жасап, қорытынды шығарылады. Талдау нәтижесінде коронавирус індеті расталған жағдайда біздің ауруханадағы 30 орындық арнайы госпитальға орналастырылады. Бұл аталған 30 орынға арналған госпиталь аумағы белгіленген талаптарға сәйкес күшейтілген. Онда аса қауіпті жұқпалы науқастар жатқандықтан полиция қызметкерлері тәулік бойы бақылап отырады. Бүгінде госпиталда індетке шалдыққан 30 науқас емделіп жатыр. Ал, провизорлық стационар 300 орынға лайықталған болса, ол жерде қазіргі таңда 233 науқас емделіп жатса, 67 орынның бос тұрғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, бір айта кетер жайт, 30 орындық инфекциялық госпиталда 4 дәрігер, 20 қызметкер, 10 медбике, 6 тазалықшы қызмет жасаса, ал 300 орындық провизорлық стационарда 44 дәрігер, 150 медбике, 91 тазалықшы, 10 қосалқы қызметкер жұмыс жасауда.

Бүгінде қатерлі індеттің жаппай таралуын төмендетудің көптеген тәсілдерінің қатарында: қолды жиі сабындап жуу, антисептиктерді пайдалану, бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, қол беріп амандаспау және т.б. сақтану шараларымен қатар, нақты тиімдісі, аса айтарлықтай қажеттілік туындамаса сыртқа шықпай, ешқандай жиындарға бармай, отбасымен, бала-шағасымен үйде болуды қала тұрғындарынан сұранған болар едім.

Жанболат ДІЛДАБЕКОВ,
Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *