ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

38 просмотров

ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді. Бірақ, көптеген жағдайларда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін.

Түшкіру, әлсіздік, бас ауру, дене қызуының көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, кеуде қуысының ауыруы, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі. Коронавирус қалай таралады? COVID-19 вирусы екі түрлі жолмен таралады.

Жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы, тұрмыстық заттар арқылы. Коронавирустың қаупі қандай? Қалыпты жағдайда COVID-19 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус 65 жастан асқан адамдарға, бес жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал. Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Коронавирустан қалай сақтану керек? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу, микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз.

Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз, қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың «кіріс қақпасы» саналады. Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз, адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз. Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн, іс-сапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз, үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз, қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн.

Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз. Бөлмені жиі желдетіңіз, табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз, ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз. Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз. Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

Жеңіскүл РАЕВА,
Түркістан қалалық емханасы №6 ОДО меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *