Индустриалды аймақтағы құрылыс қызып тұр

Индустриалды аймақтағы құрылыс қызып тұр

0 просмотров

Индустриалды аймақтағы  құрылыс қызып тұр

Жаңарған қаламыздағы Индустриалды аймақта жыл соңына дейін 7 жоба іске аспақ. Жоба құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Нысан құрылыс аяқталғған соң 446 қызметкерге жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарланып отыр. Солардың бірі жақында ірге тасы қалана бастаған құны 415 миллион теңгені құрайтын «Turkestan Tekstil» БК тігін фабрикасы.

Қаламыздағы индустриалды аймақтағы жұмыс жасап жатқан құрылысшылардың да жағдайлары жасалған. Қызметкерлердің қамы үшін аймақтың жолдарына асфальт құйылып, веложолдар да салынып жатыр. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан аймақта жұмысшылардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы болуы үшін шағын футбол алаңы мен теннис корды да орнатылмақ.

Әлемге әсерін тигізген індет кесірі құрылыс саласын да айналып өткен жоқ. Нәтижесінде, индустриалдық аймақтың да құрылысы тежеліп, қарқыны төмендеген. Алайда, белгіленген уақытта нысандардың құрылысын тәмәмдап, тіркеп үлгереді деп күтілуде.

Айта кетейік, «Бекзат» мөлтек ауданында орналасқан индустриалды аймақ әзірге 40 гектарды ғана құраса, алдағы уақытта 350 гектарға ұлғаятын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *