ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН

15 просмотров

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН

Әрбір өркениетті қаланың басты ерекшелігі оның инфрақұрылымында. Осы ретте көне шаһар Түркістанды гүлдендірмес бұрын әуелі инфрақұрылымды қалыптастыру ісі ең басты заңдылық. Біздің жоғарыда атап өткен құрылыс саласы, табиғи газ мәселесі де осы істің бір тармағы. Бірақ, өңірдегі өзекті мәселе болған соң арнайы тоқталдық. Қазіргі күні қалада 106,3 шақырымды құрайтын жалпы саны 81 көше күрделі, орта және ағымдағы жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, қала аялдамалары да жаңа жобамен жасала бастады. Бұл жұмыста шаһар басшысы жазда ыстықтан, қыста суықтан қорған болуы үшін аялдамалардың жабық, ішінде теледидар, wifi болуын жүктеді. Нәтижесінде осы талаптар аясында алғаш «Әмір Темір» аялдамасы ел игілігіне берілді.

Жарықтандыру ісінде бұған дейін қала көшелерінің 18 пайызы ғана жарықтандырылған болса, бұл көрсеткіш бүгінгі күні 30 пайызға жетіп отыр. Сонымен бірге сарқынды су жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін тұрғындардың 11,9 пайызы аталмыш жүйемен қамтылатын болады. Ауыз су мәселесінде де жоспарланған межеге қол жеткізілуде. Бұған қоса, І және ІІ мөлтек аудандардағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтитын орталық жылу қазандығын көмірден көгілдір отынға ауыстыру туралы шешім қабылданып, алдағы жылу маусымында тұрғындар табиғи газ жүйесі арқылы жылу алатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *