"Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысы тағайындалды

«Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» басшысы тағайындалды

78 просмотров

"Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысы тағайындалды

Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың кезекті әкімдік бөлімдерінің басшыларымен апталық жиналысы өтті. Шаһар басшысы кадрлық өзгеріс болғанын айтып, жаңа бөлім басшысын таныстырды.

Түркістан қаласы әкімінің Өкімімен Бектұрсынов Нұрлан Қарабалаұлы «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» басшысы лауазымына тағайындалды.

Бектұрсынов Нұрлан Қарабалаұлы 1967 жылы 28 маусымда дүниеге келген. Түркістан қаласының тумасы. Еңбек жолын ПМК-49 Шымкент су құрылысы трестінің тас қалаушысы болып бастаған. 2001-2003 жылдары Шымкент қаласы №3 Халықпен жұмыс жүргізу басқармасының бас маманы, Шымкент қаласы Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы, Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика бөлімі басшысы, «КЖЭО-3» МКМ директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Рашид Абатұлы бөлім басшысы Нұрлан Қарабалаұлының алдағы қызметіне табыс тілей отырып, қала дамуында маңызы зор салаға ерекше жауапкершілік жүктелгенін айтып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *