Күлтөбе - туристік бағытының басты орындарының біріне айналады

Күлтөбе — туристік бағытының басты орындарының біріне айналады

3 просмотров

Күлтөбе - туристік бағытының басты орындарының біріне айналады

Археолог-ғалымдар мен тарихшыларымыз ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстар нәтижесінде табылған артефактілер негізінде Түркістанның жасы — 2000 жылдан астам уақыт қана емес, сонымен бірге оның қаңлы дәуірінен бастап ХІХ ғасырға дейінгі үздіксіз тарихын дәлелдейтін материалдық жәдігерлер барын сенімді түрде айтып келеді. Қазір әр түрлі дәуірлерге тән ғимараттар, құрбандық шалу орындары бар ежелгі діни ғимараттар, ортағасырлық моншалар, мешіт және басқа да сәулет кешендері зерттеліп, қалпына келтірілген. Олар болашақта археологиялық саябақтың туристік бағытының басты орындарына айналады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатов мәлімдеді.

Айта кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 3 жылдық даму жоспарын бекітіп тарихи-мәдени нысандарды қайта жаңғырту және зерттеу жұмыстарын қолға алғаны белгілі. Аталған бағыт аясында Күлтөбе қалашығының орнын ашық аспан астындағы археологиялық паркке айналдыру  жобасы да жүзеге асуда. 2019-2021 жылдарға белгіленген жоба аясында зерттеу және қазба жұмыстары жүргізілген аймақтарды консервация, реставрациядан өткізу жұмыстары жүруде.

Бұған дейін Күлтөбе аумағынан табылған сенсациялық жаңалықтарды  https://aimak.com.kz/t%d2%afrkistannan-tabyl%d2%93an-tarihi-nysandar-arheologtardy%d2%a3-nazaryn-%d3%a9zine-audaruda/ хабарлаған болатынбыз.

Мадина Жұмабайқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *