"КҮМБІРЛЕ, КИЕЛІ ДОМБЫРА!"

«КҮМБІРЛЕ, КИЕЛІ ДОМБЫРА!»

18 просмотров

"КҮМБІРЛЕ, КИЕЛІ ДОМБЫРА!"

Шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2018 жылдың 13 маусымда белгіленген болатын. Елбасы ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында осындай қаулы шығарған еді. Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантты. Жағымды жаңалық жүрегімізге жылы ұялап, жанымызды жадыратты. Домбыра күнінің мерекеге айналуы — көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білеміз. Домбыра күнінің белгіленуі бұл жайдан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі болмақ. Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында тың бастамалар бой көтеріп, көптен бері қолдау таппай жүрген игі дүниелер қайта жаңғыруда.

Домбырашылар күніне орай Түркістан облысы Мақтаарал ауданы «Мақтаарал» мәдениет үйінің ұйымдастырумен жас күйшілерді анықтап, елге таныту, шығармашылықтарын шыңдау мақсатында аудандық «Күмбірле, киелі домбыра!» атты жас күйшілердің байқауы өтті. Жарыс елдегі карантиндік шектеулердің шеңберінде онлайн форматта өрбіді. Қазылар шешімімен жүзен жүйрік мыңнан тұлпар шыққан үздіктер анықталды. Атап айтар болсақ сайыстың І-орыны Абзал Қалыбекке бұйырса (А.Қалыбеков а/о, Үлгілі ауылы), ІІ-орынды Абылай Жанболат (Мақтаарал а/о); қанжығасына байлады. Ал үздік үштікті Құлмұрат Саят (Жамбыл а/о, Кеңесшіл ауылы) пен Полат Дана (Достық а/о) қортындылады.

"КҮМБІРЛЕ, КИЕЛІ ДОМБЫРА!"

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *