КӘСІПКЕР АНА АУЫЛДАСТАРЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

КӘСІПКЕР АНА АУЫЛДАСТАРЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

10 просмотров

КӘСІПКЕР АНА АУЫЛДАСТАРЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

Бүгінде Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жүргізіліп жатқан “ҚАМҚОРЛЫҚ” шарасы Жетісай ауданына қарасты кент, ауылдық округтерде жалғасын тауып келеді. Шара аясында сан-саланың қызметкерлері, аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен жергілікті әкімдер, қалталы кәсіпкерлер мен аудандық мәслихат депутаттары, ауданның ерікті жастары өздеріне бекітілген кент, ауылдық округтерде әлжуаз отбасыларды анықтап, әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.
Сондай қамқорлық шараларының бірі Жылы су ауылдық округінің тұрғыны, кәсіпкер ана Гүлнар Турабаеваның демеушілігімен Баққоныс ауылының тұрғыны, көпбалалы жалғызбасты ана Балтагүл Төлепбергенова мен Мырзашоқы ауылының тұрғыны, 3 перзентті тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Шынарай Нарғозиевалардың шаңырақтарына қайырымдылық жасалды.
Негізгі мақсаты елдегі әлжуаз отбасылар санатына жататын әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып, оларға мүмкіндігінше жағдай жасау, күн көріс деңгейін жақсартып, кедейлік шегінен шығуларына ықпал ету болып табылатын шарада кәсіпкер ана ауылдастарына картоп, пияз, ұн мен май, қант пен шай, макарон, күріш, тәттілермен бірге сабын, сусабын, кір жуғыш ұнтақ пен әжетхана қағаздарына дейін үлестірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *