КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

47 просмотров

КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Түркістанда еріктілердің көмегімен «Азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық кеңес» берілуде.  Түркістан облыстық  қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Әділет департаменті бірлесіп қолға алған жоба аясында кәсіпкерлер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған біршама түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кеңес барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері, тіркеу барысында туындайтын өзекті сұрақтар мен олардың шешу жолдары түсіндірілді.

КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Келушілер тарапынан проблемалық несие төлемі, тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік статус бойынша базаға тіркелу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу секілді көптеген сұрақтар болды. Баршасына сала мамандары мен заң өкілдері кең көлемде жауап берді. Біз бұл жұмыстарды алдағы уақытта да Әділет департаментінің мамандарымен біргелікті жалғастыратын боламыз», — дейді Жастар ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы  Сұлтан Азат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *