КӘСІПКЕРЛІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРГЕН ЖОЛДАУ

КӘСІПКЕРЛІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРГЕН ЖОЛДАУ

4 просмотров

КӘСІПКЕРЛІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРГЕН ЖОЛДАУ

Осы аптада Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиясы өтті. Саяси жиында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Ол ең әуелі елімізге енген пандемия дертімен күрес әлі де жалғасып жатқандығын атап өтті. Дүниені дүрбелеңге салған вирусты ауыздықтауға кешенді бағдарлама әзірленуде. Дегенмен, өз сөзінде бүгінгі ахуалдың жақсаруы – босаңсып кетуге кепіл бола алмайтындығын да алға тартты.Саяси құжатта сан саланы қамтыған Президент кәсіпкерлік бағытқа барынша тоқталды. Біз бүгінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу бойынша жұмыла жұмыс істеудеміз. Осы ретте өнеркәсіптердің әлеуетін арттыруды да назардан тыс қалдырмаған жөн. Инфрақұрылымның игілікті бастамаларын реттеу үшін бірқатар жоспарлар әзірленетіндігі көңіл қуантады.Қазақстан бүгінде өзге дамыған елдермен терезесі тең мемлекет. Бай әрі қуатты болуы үшін кәсіпорындар мен зауыт, фабрикалардың жұмысын үдетуді үкіметке тапсырды. Жолдауды жаппай тыңдау арқылы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің тиімді тұстарына тағы да көзіміз жетті. Кәсіпкерлікке қатысты барлық мәселені түбегейлі қамтыған Президент салық пен несиенің оңтайлы тұстарын да атап өтті.Жалпы, бұл Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналды. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылғаны тың бастамаларға жол ашқандай. Мемлекет басшысы әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізі жолдарын айқындап берді. Ендігі меже – Президент нұсқаған бағытқа бет алып, жауапкершілік жүгін сезіне білу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *