Көгілдір отын мәселесі депутаттар назарында

Көгілдір отын мәселесі депутаттар назарында

20 просмотров

Көгілдір отын мәселесі депутаттар назарында
Түркістан қалалық мәслихатында Мақсат Асылбекұлы мен қала әкімінің кеңесшісі Аңсарбек Советұлының қатысуымен мөлтек аудандарды жаппай көгілдір отымен қамтамасыз ету бойынша жиын болып өтті.
Арнайы отырысқа «КазТрансГаз» мекемесінің басшысының орынбасары Ержан Болатбекұлы мен Иманғалиев Сұлтанғали Иманғалиұлы Түркістан қалалық газ инспекциясы бөлімінің маманы мен қала бойынша 6 кіші мөлтек сектор басшылары қатысты. Отырыс барысында құрылған комиссия құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары жұмысшы топтың мүшелері Ақиқат Махмудұлы мен Ғалымжан Батырханұлы енетін болды.
Жиын барысында халықты газдандыру жүйесі бойынша жаппай түсіндіру жұмыстарын кеңінен атқару керектігі алға тартылды. Сонымен қатар қалада көлемінде 398 абонентке газ құбыры тартылмағандығы және осы мәселені облыс және қала депутаттары болып шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Мөлтек аудандардың басшылары мен жиын қатысушыларына тапсырма беріліп, осы бағыт бойынша қарқынды жұмыс атқаруға шақырды.
Көгілдір отынды тікелей тұрғын үйлерге тартатын мердігер компаниялардың басшыларын алдағы уақытта жинап, отырыс өткізуге уағдаласып, «Казтрансгаз» мекемесіндегі жұмысшылардың түсіндіру жұмыстарын кең көлемде жүргізу керек екендігі айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.