Көгілдір отын мәселесі шешімін тапты

Көгілдір отын мәселесі шешімін тапты

0 просмотров

Көгілдір отын мәселесі шешімін тапты

Түркістанда тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар да табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, шағын аудандар мен тұрғын алаптарында орналасқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар мекемелер көгілдір отынға қосылып жатыр.

Сала мамандарының сөзінше, Түркістан қаласындағы газ кіргізу жұмыстары 11 кезеңге бөлінген. Ал биыл шаһарды табиғи газбен қамтуға 7 нысан енген. 2019 жылдың қорытындысымен 4 ірі нысаннан магистралды газ құбыры тартылып, 3 нысанның ішкі жүйелері толығымен табиғи газға ауысқан болатын.

Қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі қаладағы орталық қазандық та күрделі жөндеуден өткенін алға тартады. Жылу маусымына толық әзір отырған мекеме  87 көпқабатты тұрғын үйге, 60 коммерциялық және 28 бюджеттік мекемеге сапалы жылу жеткізуге дайын.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *