КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРЕМ ДЕСЕҢІЗ ҚЫС КЕЛМЕЙ ҚАМДАНЫҢЫЗ

КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРЕМ ДЕСЕҢІЗ ҚЫС КЕЛМЕЙ ҚАМДАНЫҢЫЗ

17 просмотров

КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРЕМ ДЕСЕҢІЗ ҚЫС КЕЛМЕЙ ҚАМДАНЫҢЫЗ

Түркістан қаласы аумағында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету қарқынды жүргізіліп жатқанын бұған дейін де айтып келеміз. Шаһар басшысы Рашид Аюповтың өзі бұл мақсаттағы жұмыстарды ширатуды жүктеп, тиісті сала өкілдеріне қатаң тапсырма берген және бұл жұмыстың нәтижесі әкімдіктің де халықтың қырағы назарында тұр. Әзірге қарқын жаман емес. Есіңізде болсын ойлы оқырман, аталған жұмыстардың нәтижесінде үйіңізге газ кіреді деген сөз емес. Есігіңіздің алдына табиғи отынның құбыры жеткізіледі. Ары қарай үйге газ кіргізу сіздің әрекетіңізге байланысты. Бұны айтып отырған себебіміз, кейбір тұрғындар газ құбыры үйінің алдына орнатылғанына біраз уақыт болса да, көгілдір отынның келмегенін айтып шағымданады. Сондықтан осындай түсінбестіктерге жолбермей, нақты әрекетке көшу қажет. Бұл мәселе бойынша біз тұрғындардың пікірлерін сараптап, газ кіргізу үшін қандай қадамдар жасау керектігін тұрғындар назарына ұсынбақпыз.

                Жеке үйлердің иелері көп шығындар мен уақыт қажет болғанына қарамастан автономды газбен қамтамасыз етуді таңдайды. Бұл заман талабына да сай.

Утегуль Исабекова Шавгар мөлтек ауданында тұрады. Қала тұрғынының айтуынша көшелерді қазып, газ құбыры жүргізіліп қойған. Әзірге әлі бітпеген жұмыстардың жәй-жапсары толық түсіндірілмегенін, қайдан барып не сұрайтынын білмейтінін де айтып шағымданады. Қысы, жазы көмір тасудан шаршаған тұрғын қар түскенше көгілдір отынмен қамтыламыз деп үміттенеді. Алайда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өкілінің айтуынша газ құбыры есік алдына келген күннен бастап барлық құжаттарды дайындап, техникалық шарттарды сақтау және рұқсат алу қажет дейді. Егер мамандардың алдын ала дайындаған нұсқауларын орындамасаңыз қосылу процесі ұзаққа созылып кетуі мүмкін екенін де айтады. Кейбір құжаттар мен актілер жұмыстың басталуына дейін дайындалса, қалғаны — оларды орындау барысында реттелетінін есте ұстаған жөн. Ендеше оған қандай құжаттар қажет. Зер салыңыз. 

1. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ техникалық директорына (немесе өндірістік филиалдың бас инженеріне) техникалық шарттар беру туралы өтініші;

2.Нысан иесінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3. Мемлекеттік жер актісінің көшірмесі, мүлік орналасқан жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар немесе жылжымайтын мүлік иесінің мүлікті газдандыруға нотариалды куәландырылған келісімі;

4. Газдандыру жүргізілетін тұрғын үйге (құрылысқа) техникалық паспорттың көшірмесі;

5. Ағынды және қысымды газ тұтынатын жабдықтың техникалық деректері (көшірмелері);

6. Нысанның орналасу схемасы (қосымша ауызша түсіндірместен сызба немесе маршрут картасы бойынша тез орналасуы үшін егжей-тегжейлі сипатталуы керек);

7. 1: 500 масштабтағы құрылыс алаңын топографиялық түсіру (барлық жер үсті және жер асты инженерлік жүйелері мен құрылыстарымен), тиісті пайдалану ұйымдарымен келісілген болуы тиіс;

Келісімшарт жасасқан ұйым газ құбырын іске қосу үшін жауапты болады. Қазандықтарға немесе басқа жабдықтарға кепілдік мерзімі, әдетте, бір жылдан үш жылға дейін. Айта кетейік, толық мағлұмат алып тұру үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ресми сайты жұмыс жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *