КӨК ТУДЫ ҚАДІРЛЕГЕН ТҮРКІСТАН

КӨК ТУДЫ ҚАДІРЛЕГЕН ТҮРКІСТАН

86 просмотров

КӨК ТУДЫ ҚАДІРЛЕГЕН ТҮРКІСТАН

Былтыр Алматыдағы «Медеу» спорт базасы аумағында танымал спортшылардың қатысуымен алып ту орнатылды. Оған «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы қатысып, «Менің туым, менің Отаным!» акциясы ресми түрде басталған болатын. Партияның барлық өңірлердегі филиалдары акцияны қолдап, үйлестіруге кірісіп кетті. Бұл бастаманың мақсаты – Мемлекеттік Тудың қолданылу аясын кеңейту және насихаттау, жастарды отаншылдыққа шақыру.

КӨК ТУДЫ ҚАДІРЛЕГЕН ТҮРКІСТАН


Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге дәріптейтін акция Түркістан облысында жоғары деңгейде өтіп келеді. Былтыр өңірдің аудан, қалаларында 123 нысанға 164 ту ілінді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Көк байрағымыз қоғамдық орындар мен ірі сауда орталықтарында желбіреді. Дәлірек айтсақ, ірі сауда үйлерінде – 12, арнаулы және жоғары оқу орындарында – 46, қоғамдық орындарда – 29, спорттық кешендер мен өзге де кешендерде – 24 ту ілінді. Сонымен бірге туристік нысандар мен авто және теміржол вокзалдарында да байрағымыз желбіреді. Туристік және спорттық нысандарға, білім ұяларына да ілінді. Акцияны партияның Түркістан облыстық филиалы жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.

КӨК ТУДЫ ҚАДІРЛЕГЕН ТҮРКІСТАН

Бүгінде Елбасы Жарлығымен жаңару кезеңі басталған Түркістанда халықаралық деңгейдегі ірі нысандар салынып жатыр. Туристік және спорттық кешендер де бой көтеріп келеді. Бұл нысандарға да Мемлекеттік Туымыз ілініп, көкте желбірейтіні анық.
Ту – елді біріктіретін, рухын көтеріп, абыройын аспандататын құдіретті күш. Сонау Сақ, Ғұн, Түркі дәуірлерінде де бабаларымыз туды биік ұстап, ұлы істерге ұмтылған.
Қазақстанның Мемлекеттік Туы өзінің терең мағынасымен, ұлттың дүниетанымы және болмысымен үйлесетін астарлы ойымен, шебер дизайнымен ерекшеленеді.
Ұлыбританияның Премьер-Министрі болған аса танымал қайраткері Маргарет Тэтчердің «Жұрт Эверест шыңына өзі үшін шыққанымен, биік шыңға өз мемлекетінің Туын тігеді» деген сөзі бар. Елдің бәрі альпинист болуы мүмкін емес. Бірақ әр азамат өз саласында адал еңбек етіп, Отанды гүлдендіруге үлес қосса, Қазақтың қыраны қалықтаған Көк Туы мәңгі биікте желбірейтіні сөзсіз!
Көк Туымыз желбіреп, Елтаңбамыздың мәртебесі биіктеп, Әнұранымыз шырқала бергей!

Ғабит САПАРБЕКОВ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *