«КӨКТЕМ-2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКІЗІЛУДЕ

«КӨКТЕМ-2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКІЗІЛУДЕ

10 просмотров

«КӨКТЕМ-2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКІЗІЛУДЕ

Сценарий бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне «Тасқын-2002» дабылы келіп түсті. Онда нөсерлі жауын салдарынан және қардың еруінен, сонымен қатар, Сасық өзенінің суы күрт көтерілуінен Бәйдібек ауданымен шекаралас Арыс қаласы Екпінді елді мекенінің тұрғын үйлерін су басқаны хабарланады. Ең алдымен халықты құлақтандыру мәселелері пысықталып, су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін құтқару тобы құрылды. 300-ге жуық қызметкер мен 50 техника жұмылдырылды. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі ТЖ-ны жоюға дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында ел халқы мен аумағын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында Түркістан облысында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде. Оқу-жаттығуға басшылық Түркістан облысы әкімі аппаратының Ахуалдық орталығынан жүзеге асырылады.

Ахуалдық орталықтың базасында Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығы ашылды. Онда барлық жауапты қызметтер мен басқармалармен, аудандық әкімдіктермен бірлесіп, қойылған міндеттер бойынша облыстық ТЖ штабын құру арқылы бірлескен іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқаулығы бойынша Түркістан облысы мен оған қарасты аудандарда «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде. Негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, көктемгі кезеңге құрал-жабдықтарды дайындау, азаматтық қорғаудағы аудандық жүйені одан әрі жетілдіру болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *