КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАУЫ КЕРЕК

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАУЫ КЕРЕК

18 просмотров

КӨКТЕМГІ ДАЛА  ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАУЫ КЕРЕК

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен түске дейін «Жаңа ауыл» «Атамекен» «Мақталы» «Жолдасбай Ералиев» ауылдық округтерінде болды. Алдымен аудан әкімі «Жаңа ауыл» округінде болып, мақта егіп жатқан шаруалардың жұмыстарымен жақыннан танысты. Шаруаларға жердің қызған шағын ұтымды пайдаланып шитті уақытында егіп тастау керектігін атап өтті. Одан кейінгі кезекте Жамантай Қанайұлы «Атамекен» және «Мақталы» елді мекендерін де болып, қырыққабат артып жатқан шаруалармен кездесіп шаруалардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

КӨКТЕМГІ ДАЛА  ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАУЫ КЕРЕК

«Әрбір егілген өнім жерде қалмайды. Аудан дихандарының жолдағы блокбекеттерден кедергісіз өтуіне бар жағдай жасалған. Ол үшін аумақтық инспекциядан «Bizbirgemiz» логотипын алып, республика аумағында еш кедергісіз жүруге болды» деді аудан әкімі.Түске таман «Жолдасбай Ералиев» ауылдық округіндегі 20 гектар аумаққа орналасқан «АБОТЯ» шаруа қожалығында болып, шаруа қожалықтың жұмыстарымен танысты. Бұл жердің 11 гектарына жоғары сортты италияндық «Голден Делишес» алмасы және 7 гектарына «Golden Lux» жүзімдері егілген. Аталмыш баудың барлығы тамшылатып суғару әдісімен суғарылады. Одан бөлек аудан әкімі осы ауылдық округтегі пленка астына егілген ерте пісетін қауын алқабына барды.Түстен кейін аудан әкімі «Жылы су» ауылдық округінде 8 гектар аумаққа орналасқан ЖШС «ЕР-ТЕ АГРО» жүзім алқабында болды. Мұнда украйналық «Одесса» сортты жүзімдер егілген. Бұл жүзімдер бір түпке 4 шақ байлайды. Ал, олардың әрқайсысының салмағы 3 кгнан асып жығылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *