Көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізуші жауапқа тартылды

Көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізуші жауапқа тартылды

59 просмотров

Көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысының полиөцейлері түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мақсатында, тұрақты түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп келеді. Осындай кезекті тексеру кезінде Сайрам ауданының полицейлері қала көшелерінің бірінде артқы мемлекеттік нөмірі тұратын орынға өзінің есімін қойып алған, онымен қоса жол бойында өзге көліктерден басып озу мақсатында қарсы бағытқа шыққаны түсірілген «Мерседес-Бенц» маркалы автокөліктің бейнежазбасын анықтады.


Аудандық полиция қызметкерлерімен аталған жүргізушіні табу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде автокөлік анықталып, оның иесі Ақсукент ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Жас жігіт жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабымен жауапқа тартылды. Олар, 590-бабы 4-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы 2-бөлігімен «Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 596-бабы 2-бөлігімен «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу». Қазіргі таңда жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен толтырылған әкімшілік хаттама бойынша жинақталған әкімшілік іс аудандық сотқа жолдануда.
Өз кезегінде жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.
Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жолда жүргенде ережеге бағынып, қауіпсіздікті сақтауларыңызды сұранамыз. Осы орайда кейбір жүгенсіз жүргізушілерге құр мақтанға салынып, соңында опық жеп қалмаңыздар деп ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *