КАРАНТИН БІТСЕ БІЗДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР КҮТІП ТҰР

КАРАНТИН БІТСЕ БІЗДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР КҮТІП ТҰР

7 просмотров

КАРАНТИН БІТСЕ БІЗДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР КҮТІП ТҰР

Футбол – миллиондар ойыны. Олай аталуында да терең мағына жатыр. Себебі бұл спорт түріне әлемде қызығушылар өте көп. Сондықтанда болар әлемдегі бірінші спортдеп аталып жатады. Бұл спорт түріне қызықпайтын жандар кемде кем. Өзім де осы спорт түрімен айналысып жүргеніме 3 жылдай уақыт болды. Бапкеріміз Серік Пірімжанов футбол ардагері, кезінде Түркістан қаласының намысын қорғаған «Яссы-Рахат» футбол командасының бапкері болған. Тәжірибелі бапкерімізден үйренгенімізден үйренеріміз көп әлі. Жалпы футбол командалық ойын екендігін әрдайым құлағымызға құйып отырады. Сондықтан, тәжірибемізді молайтып, футболдың қыр-сырын терең меңгеруге кеңес береді. Аптасына 4 рет өтетін сабақтар видео ролик арқылы бақылауға алынған. Карантин бітсе бізді Жаңатас пен Шардара қаласында Халықаралық жарыстар күтіп тұр. Жалпы алғанда, карантин кезінде үй шаруаларына көмектесуге де көп уақыт табылып отыр. Әке-шешем мен бапкерімнің сенімін ақтап, келешекте қазақ футболының жұлдызы болғым келеді.

Бекзат НҰРМУХАМЕД,

Түркістан қаласының тұрғыны, футболдан Халықаралық турнирлердің жүлдегері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *