КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

15 просмотров

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ


Бүгін Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов Түркістан қаласындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» жарияланған №17 қаулы талаптарының орындалуын бақылады.
Облыс орталығындағы адам көп шоғырланатын орындардың бірі – орталық базар. Нұрбек Садықбекұлы базар аумағындағы санитарлық ахуалмен танысып, кәсіпкерлермен сұхбаттасты. Санитарлық талаптар ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажеттігі ескертілді. Орталық базар әкімшілігі тарапынан келушілердің масканы міндетті түрде тағуы, арнайы орнатылған санитайзерлер арқылы қолдарын өңдеуі қадағалануда.
Қазіргі таңда облыс аумағында 121 мобильді топ қаулы талаптарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізуде. Бүгінге дейін облыс аумағында 413 нысан араланып, түсіндіру шаралары жүргізілді.
Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарына тамақ жеткізу қағидатымен ғана жұмыс жүргізуге рұқсат берілген. Алайда, мониторинг жүргізу барысында Түркістан қаласының базар аумағында жылдам қызмет көрсететін 2 қоғамдық тамақтану орны және кәуап дайындау павильоны тұрғындарды қабылдап, адамдардың көп шоғырлануына жол бергені анықталды.
Анықталған кемшіліктер бойынша базар әкімшілігімен, «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімінің меңгерушісі Г.Даханованың қатысуымен сауда орындарын жалға алушы жеке кәсіпкерлерге карантин талаптары бойынша түсіндірілді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Тек жылдам қызмет көрсететін 2 қоғамдық тамақтану орны тамақ жеткізу қызметін жүргізумен шектелетін болды. Облыс аумағында санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жалғасады.
Облыс аумағында қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған 267 жағдай тіркелді. Төтенше жағдай аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Түркістан облысының әр азаматын сақтық шараларын өз деңгейінде сақтау арқылы карантин режимінің аяқталуына үлес қосуға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *