КАРАНТИНДЕ АВТОКӨЛІКТІ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

КАРАНТИНДЕ АВТОКӨЛІКТІ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

349 просмотров

КАРАНТИНДЕ АВТОКӨЛІКТІ КАРАНТИНДЕ АВТОКӨЛІКТІ  ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтардың жұмысы онлайн режиміне өткені белгілі. Оның ішінде ХҚО да бар. Осындай жағдайда көлікті қалай рәсімдеймін деген тұрғындардың сауалын қанағаттандырғалы отырмыз.

Ең бастысы автокөлікті есептен шығару және есепке қою үшін сатушы және алушы тұлғадан ЭЦҚ болуы керек.

Автокөлікті есептен шығару үшін Сатушы өз ЭЦҚ арқылы egov.kz сайтына кіреді. Порталдын басты бетінде «көлік және коммуникациялар» батырмасын басамыз. Әрі қарай қызметтер шығады, соның ішінен «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекттік тіркеу,есепке алу және есептен шығару,сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру” кызметіне кіресіз. «Онлайн сұрау» батырмасын басамыз.

Келесі бетте өз атыңыздағы есептен шығаратын автокөлігіңіздің жанындағы батырманы басасыз. Келесі бетке өткен соң «Әрі қарай» батырмасын басасыз. Автокөліктің орын саны жазылады. Сатып алушының ЖСН номері жазылады

Барлығы толтырылған соң « Қол қоюға өту» батырмасын басып автокөлікті есептен шығару үшін ұсыныс жібересіз. Осы жолмен қайта тіркеуге қоюға да болады.

aimak.com.kz

One thought on “КАРАНТИНДЕ АВТОКӨЛІКТІ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

  1. Саламатсызба менде жеңілдік бар. Машинамды сатып баска машина алдым. Учеттан шыгарып өзім машинам номерін тагуфм кк

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *