КАРЬЕРЛЕРДІҢ КЕСІРІ

КАРЬЕРЛЕРДІҢ КЕСІРІ

37 просмотров

КАРЬЕРЛЕРДІҢ КЕСІРІ
uaqyt.kz

Жер қойнауын пайдаланушылар жаңадан салынған  жолдардың тоз-тозын шығарып жатыр. Әсіресе тонналап құм- шағыл қоспасын таситын жүк көліктері 300 шақырым жолды жарамсыз күйге түсірген. Бұл туралы облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы хабарлады. Өңірде қиыршық тас қазатын 157 кен орны бар. Әсіресе, Созақ, Кентау, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Сарыағаш аудандарында орналасқан карьер иелеріне табиғатқа залал келтіргені үшін былтыр 6 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Ал инфрақұрылымды құртқаны үшін жауапқа тартылып жатқаны шамалы. Тәртіп бойынша жүк көліктерінің салмағы 8 тоннадан аспауы тиіс. Ал өңірде мұны қадағалайтын екі-ақ мобильді топ бар. Заңсыз тасымалдаушыларды бәрін бірдей құрықтауға олардың күші жетпейді. Сол себепті миллиардтаған теңгеге жасалған жол жыл өтпей жатып, жұлым-жұлымы шығады. Айта кетейік, облыс аумағында жүк көліктеріне жүруге рұқсат етілген 1067 шақырым жол бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *