КЕЛЕС: АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, ОТАНЫМ!

КЕЛЕС: АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, ОТАНЫМ!

11 просмотров

КЕЛЕС: АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, ОТАНЫМ!

Ия, осындай қанатты сөзбен Келес ауданы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ескіқорған ауылында 1-наурыз «Алғыс айту» күніне арналған «Қазақ еліне мың алғыс» атты мәдени- іс-шара өтті.
Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екені баршаға аян.
Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі 130 ұлт пен ұлыстардың, соның ішінде ауданымызға қоныстанған 14 ұлт өкілдерінің құтты мекеніне айналған, қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына терең тағзымының белгісі.
Жиында аудан әкімі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы «Алғыс айту» күнінің маңыздылығына тоқталып, жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен қызу құттықтап, барша жұртты ауызбіршілік пен ынтымақта болып, ел экономикасын көтеруге, ауылдарды көркейтуге шақырды.
Аталған мерекелік шарада ауданымызда қоныстанған түрікмен, өзбек, ұйғыр және т.б. ұлт өкілдерінің және ауданның елге сыйлы абыз ақсақалдары қазақ халқына деген өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізіп, алғаш қоныс аударғандағы қазақ халқының жасаған жақсылығын еске алып, алғыстарын жаудырды.
Сонымен қатар, бір аспан астында өмір сүретін барлық халықты өзара ынтымақтастыққа шақырып, бірлігі бекем елге айналу жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға үндеді. Салтанатты шара түрлі ұлт өкілдері өнерпаздарының ән мен биімен жалғасын тауып, соңы қазақтың ұлттық спорт түрлері аударыспақ және көкпар ойындарымен қатар, кіші футболдан жасөспірімдер сайысқа түсті.
Мәдени іс-шара Ақментай Үсенұлы бастап, елді мекендерді жасыл желекке орау мақсатында барлық ұлт өкілдері мен зиялы қауым көше бойына ағаш отырғызумен жалғасты.
Жиынға қатысқандар өмірдің әрбір сәтін бағалап, «Табиғат – Анаға» мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін — «Мың алғыс» айтып тарқасты!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *