КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

42 просмотров

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Келес ауданы Біртілек ауылында тұратын Қадировтар отбасында үшемдер туылды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Этибор Қодирова 27 жасында көп балалы ана атанды. 1992-жылы туылған. Али, Усман, Умар есімді үшемді анасы облыстық №1 перинаталды орталықта босанған. Шақалақтар 1700, 1700 және 1800 салмақпен дүниеге келді. Отағасы Қодиров Азамат ауылдағы отбасылық 1,5 га жерге егін егіп, шаруашылықпен айналысады.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев үшемдердің жағдайымен арнайы танысуға барып, өзінің естелік сыйлықтарын табыстады. Бұл жайт, Келес ауданы құрылғалы дүние есігін ашқан — үшінші үшем. Аудан әкімі үшемдерге медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалауды ауыл әкіміне тапсырып, әлеуметтік жағдайы бойынша мәселелер туындаса көмек көрсетерін жеткізді.
Жыл басы өңірімізде үшемнің дүниеге келуі секілді жағымды жаңалықпен есте қалып отыр. Қазіргі таңда сәбилердің және олардың анасының жағдайы қалыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *