КЕЛЕС КӨРКЕЙЕ ТҮСПЕК | Аймақ ақпарат агенттігі

КЕЛЕС КӨРКЕЙЕ ТҮСПЕК

148 просмотров

КЕЛЕС

2020 жылы Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы – 23,4 шақырымды құрайтын 16 көше жөндеуден өтеді. Олар Абай ауылындағы 4 көше және Ақтөбе ауылдық округінде 12 көше биылғы жоспарға енді. Аудан орталығындағы Т.Рысқұлов көшесі №13 колледж тұсынан, Республикалық А-15 трассасына жалғанатын жол салынса, Оңтүстік және Құрылыс көшелеріне 6,9 шақырымына асфальт төселетін болады. Сонымен қатар Әзімбай ата көшесі де толық жөндеуден өтеді. Сондай-ақ аудан аумағындағы округтердің ішіндегі ең үлкен және халқы тығыз орналасқан Ақтөбе ауылдық округінің 12 көшесі, яғни Қызыләскер елді мекеніндегі Жамбыл, Есіркепова, Абай, Керемет, Жолдасов, Ермеков, Жамбыл, Алтынсарин, Гагарин, Жолдасов және ішкі көшелері орта жөндеуден өтіп, асфальттанатын болады. Құрылыс жұмыстары Мемлкеттік сатып алу конкурсы өтіп, жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан атқарылатын болады.

КЕЛЕС

Бұдан бөлек, аудан дәне ауылдық округтерінің бюджетінен де жол жөндеу және асфальттау жұмыстарына, ағымдағы жылға тиісті қаржы қаралып, ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Сонымен қатар, аудан орталығы Абай ауылын көркейтіп, көгалдандыру мақсатында Қаратал және басқа түрлі ағашттар — 2500 түп, декаративті ағаштар — 1200 түп, гүл көшеттерін — 3000 түп егу биылғы жылдың жоспарына енуде. Ендігі кезекте аудан тұрғындарын, аудан аумағын абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып, орнатылған заттарға күтіммен қарауға шақырамыз.

aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *