КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

19 просмотров

КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Облыстық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің және облыстық «Көкпар» федерациясының ұйымдастыруымен жаңа құрылған Келес ауданында алғаш рет «Ұлы Жеңістің 75 жылдық» мерекесіне арналған 2003-2005 жылғы туылған жасөспірім балғын шабандоздар арасында Көкпардан облыстық чемпионат өтті.
Чемпионатта Келес, Жетісай, Сайрам, Ордабасы, Шардара, Сарыағаш және Түлкібас аудандарының командалары бақ сынады.
Аталған додалы жарыстың ашылу салтанатында Келес ауданы әкімі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы, облыстық «Көкпар» федерациясының президенті Жолдасов Нұрмахан Миятұлы, «Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы жас шабандоздарға тақымдары мықты, аттарының тұяғы сүрінбей, жарыста мықты команда жеңімпаз болсын деп сәттілік тіледі.

КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ


Сонымен қатар додалы жарыста Облыстық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ахметбаев Ғани Молдабекұлы, Келес аудандық мәслихат хатшысы Тотиков Арын Орынбекұлы және аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Давлетяров Нұралы Әбдірахымұлы және Ақтөбе бастауыш партия ұйымының төрағасы Джилкибаев Сүлеймен Нұрланұлылар да өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ


Жарыс қорытындысымен жүлделі үшінші орынды Жетісай ауданы, екінші орынды Келес ауданының құрамасы иеленсе, Ордабасы ауданының құрамасы турнир жеңімпазы болды.
Жүлделі орын алған командалар мен үздік деп танылған шабандоздар және жарысты ұйымдастыруға қол ұшын берген азаматтар облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының және облыстық «Көкпар» федерациясының грамоталары, алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, осы жарыс барысында ат спортының жанашырлары мен шабондаздардың қатысуымен өткен жиында «Nur Otan» партиясының мүшесі Ботанбаев Санат бірауыздан Келес ауданының «Ат спорты» федерациясының президенті болып сайланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *