Келесте жас кәсіпкер биогумус жасаудың көзін тапты

Келесте жас кәсіпкер биогумус жасаудың көзін тапты

526 просмотров

Келесте жас кәсіпкер биогумус жасаудың көзін таптыБиогумус — топырақтың құнарлығын артырып, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартады. Ал өнімді химиялық тыңайтқыштарға қарағанда, биогумус 2-5 есе артық алуға мүмкіндік береді.

 

Келес Ауданы Әкімдігі. Қошқар ата ауылдық округының тұрғыны Нұржігіт Джангазиев Еркінбекұлы, осы биогумус өндіруді қолға алған кәсіпкерлердің бірі. Мақсаты –ауданымыздың егін шаруашылығымен айналысатын шаруаларымызға органикалық табиғи тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп, өнім көлемін арттырып, халықты табиғи дәрумендерге бай өнімдермен қамтамасыз етуге үлесін қосу. Сұранысқа байланысты, алдағы уақытта өндіріс көлемін үлкейтуді жоспарлайды.

   Нұржігіттің айтуы бойынша, біздің әрбір егін шаруашылығымен айналысатын азаматтарымыз, өзінің шаруашылығына қажетті биогумусты өзі өндіруге қауқары жетеді. Ол үшін бар болғаны азғана жер ажыратып, колифорния қызыл құртын (шылаушын) малдың тезегіне тастап, қажетті ылғалдылықты сақтап тұрса, сол малдың қиы таза органикалық тыңайтқыш биогумусқа айналады екен. Бұл өз кезегінде химиялық тыңайтқыштарға кететін шығындарды азайтып, жердің құнарлығын арттырып, өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді.

Нұржігіт, биогумус өндіру бойынша өз тәжірибесімен, аудан тұрғындарымен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.

 

Келес ауданында  кәсіпкерлікті насихаттап, олардың дамуына әр адам өз үлесін  қосуы қажет деп санаймыз!

One thought on “Келесте жас кәсіпкер биогумус жасаудың көзін тапты

  1. Неге мен турке тан облысы Арыс қаласында тұрамын менмен сол жаңалығымен бөлісуін сұрсймын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *