КЕЛЕСТЕН 100 ТОННА ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

КЕЛЕСТЕН 100 ТОННА ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

29 просмотров

КЕЛЕСТЕН 100 ТОННА ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Келес ауданы, Бозай ауылдық округінде қарбыз пісіп, еліміздің және көрші Ресей Федерациясының қалаларына жүк көліктеріне тиеліп, жөнелтілуде. «Әбіл» шаруақожалығы иелігіндегі суармалы 40 га аймаққа 12-13 диқандар көктемгі ерте пісетін қарбыз дақылын еккен болатын. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі артып, диқандар мол өнім жинап жатыр. Бүгінгі таңда 100 тоннадан астам қарбызды келестік диқандар қарбыздың тоннасын 135-130 мың теңгеден көрші Ресей еліне жөнелтуде. Қалған диқандар өнімдері дайын, саудагерлермен келіссөздер жүргізілуде. Диқандардың сөзінше өткен жылыда дәл осы бағадан сатылған, бірақ бұл жылы өнім көлемі артып, табыс өткен жылмен салыстырғанда біршама еселенген. Осы жылы тың әдіс пайдаланылып, өткен жылмен салыстырғанда 4-5 күнге ерте пісіп, өнім көлемі артқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *