КЕЛЕСТІКТЕР ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

КЕЛЕСТІКТЕР ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

54 просмотров

КЕЛЕСТІКТЕР ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Келес ауданы, Бозай ауылдық округінен 1941-1945 жылдар аралығындағы ІІ-дүниежүзілік соғысқа Грибанов Петро Афанасович аттанып, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосып, батыр атағымен елге оралған болатын. Кейіннен Сарыағаш ауданының құрметті азаматы атағы берілді. Петро Афанасовичтің қызы Татияна Грибанова Бозай ауылында ұстаздық етіп, талай шәкірт тәрбиелеп, елдің ыстық ықыласына бөленіп, елге қадірлі отбасы болған. Петро Афанасовичтің артында 4 ұл, 3 қыз қалған. Ұлдарының бірі Грибанов Андрей Петрович ауыл тұрғындарымен етене араласып, қазақ тілін еркін меңгерген, осыдан тура 5 жыл бұрын жұмыс бабына байланысты үш балаларымен (әйелі өмірден өткен) ауылдық округтегі тұрғын үйін сатып, Сарыағаш қаласына қоныс аударған болатын. Кейіннен денсаулығы сыр беріп, жұмысы жүрмей, ауылға қайтуға мәжбүр болады. Ауыл тұрғындары жалдамалы пәтер сұрап келгенін көрген бұрынғы көршілерін үйлеріне кіргізіп, Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне, жеңістің 75 жылдығына орай, ауыл тұрғындарынан көмек ұйымдастырып, бүкіл ел болып қаражат жинап, қайырымдылық танытып, аталған отбасыға тұрғын үй сыйлады. Ауыл тұрғындары тұрғын үймен қоса, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ, қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етті. Туылып өскен ауылына көшіп келген А.Петрович бұлай тез арада баспаналы болатынын ойламағандығын, балаларының көз қуаныштарын сөзбен жеткізе алмайтындығын айтып, Қазақстан елінде, Бозай ауылында тұратындығын мақтан тұтатындығын, еліміздегі ұлтаралық татулықтың жоғары деңгейде екендігін айтып, ауыл тұрғындарына өз ризашылығын жеткізіп, шексіз алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *