КЕНТАУ - ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМУДА | Aimak.com.kz

КЕНТАУ — ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМУДА

31 просмотров

КЕНТАУ
КЕНТАУ

Түркістанның облыс орталығы мәртебесін алуы көршілес Кентау қаласына оң әсерін тигізуде. Өткен жылы қала бюджетінің кіріс бөлігі 40 млрд теңгеге орындалған. Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 24,4 млрд теңгеге жеткен.

КЕНТАУ

Қала әкімі Дәурен Махажановтың сөзіне сенсек, мұндай көрсеткіштер 65 жылдық тарихы бар қалада бұрын — соңды болмаған.

«Индустриалды аймақта 2,9 млрд теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы саласындағы басты бағыт – азық-түлік белдеуін құрып, жылына 3 рет өнім жинауды жүзеге асыру. Бұл салаға инвестиция мен озық технологияларды тарту. Осыған орай ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру жұмыстарын жүргізудеміз», – деді қала әкімі тұрғындарға берген есептік баяндамасында.

КЕНТАУ КЕНТАУ - ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМУДА

Қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүруде. Тозығы жеткен 300 көпқабатты тұрғын үйді толық жөндеуден өткізіп, жаңарту көзделген. Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта теннис корты, баскетбол, волейбол, футбол алаңшалары, веложол салынбақ.

Ауысымына 500 келушіні қабылдайтын жаңа емхана бой көтерді.

Есептік кездесуге қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанмен бірге Кентау қаласы да қатар дамитындығын, жаңа дәуірі басталғанын атап өтті. Көпшілікті игі істердің жүзеге асуына қолдау көрсетуге шақырды. Сондай-ақ кездесуден соң облыс әкімі жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылысы мен қаланың жылу жүйесіне енгізілген жаңа жобамен танысты.

Aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *