КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТОЛЫҚТАЙ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТОЛЫҚТАЙ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

86 просмотров

КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТОЛЫҚТАЙ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету бағдарламасына сәйкес, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен Яссауи даңғылы №112 тұрғын үйді пилоттық жобаға енгізіп, бүгінгі таңға 44 пәтерге газ жылытқыш қазандықтарын орнатты. Бүгінгі таңда пәтер иелері газ жылытқыш қазандықтарымен жылу алуда. Сонымен қатар, газды ас әзірлеу үшін және ыстық су алу бойынша да қолданып отыр. Осы уақытқа дейін орталық жылуды пайдаланған тұрғындар газдың едәуір тиімді екенін атап отыр. Көп қабатты тұрғын үйге газ балон арқалаған тұрғындар ол күндер енді артта қалып, өз қажеттігімізге лайықты қолданып отырмыз деп дән риза. Газ жүйесін жүргізген мердігер мекеме «КаzGasCompany KGS». Қазіргі таңда жоғарыда аталған көп пәтерлі тұрғын үйге орнатылған автономды газ қазандықтарын, резервуарларды, газгольдерлерді «Кентау сервис» МКК балансына алып, жұмыс жүргізеді. Алдағы уақытта Кентау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары жалғасады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *