КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

31 просмотров

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет атаулы әлеуметтік көмекке іліккен отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына қаңтар айынан бастап төленеді.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған. Азық-түлік жиынтығын балалар ай сайын алатын болады. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады. Әр балаға бір пакеттен беріледі.
6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен оқу құралдарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ, тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған.
Мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік топтама оқу жылының соңына дейін мектеп тарапынан беріледі. Ал, азық-түлік жиынтығы мен химиялық тауарлар жергілікті атқарушы органдар арқылы үлестіріледі.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакетке не кіреді?
Азық-түлік жиынтығы
Ай сайын беріледі.
1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға
• жеміс езбесі, гипоаллергенді
• көкөніс езбесі, гипоаллергенді
• балалар ботқасы, гипоаллергенді
• жүгері жармасы
• сұлы жармасы
• балалар печеньесі
• пастерленген балалар сүті
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға
• пастерленген балалар сүті
• қатты сұрыпты бидайдан жасалған макарон
• сұлы жармасы
• күнбағыс майы
• гематоген
• астық дақылдарынан жасалған сүтті түйіршектер
• балалар печеньесі
• арпа жармасы
• қарақұмық жармасы
• уатылған бұршақ
• ұнтақ ботқасы
• табиғи бал
Тұрмыстық химия тауарлары
Тоқсан сайын беріледі.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға
• тіс пастасы
• тіс щеткасы
• сабын, гипоаллергенді
• сусабын
• крем
• кір сабын
• кір жуатын ұнтақ
Пакет отбасындағы әр балаға беріледі.
6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға
• Мектепте күн сайын тегін ыстық тамақ
• мектеп формасы (жылына бір рет)
• оқу құралдары (жылына бір рет)
• қалалық қоғамдық көлікте жол ақысының 50%-ін өтеу.
Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға сертификаттарды оқу жылының басталуына дейін, тамыз айында беру жоспарланған.
Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығына мыналар кіреді:
• пиджак;
• жилет;
• шалбар;
• мерекелік жейде;
• күнделікті киюге арналған жейде;
• трикотаж жилет.
Қыздарға:
• пиджак;
• жилет;
• белдемше;
• классикалық жейде;
• трикотаж жилет;
• сарафан.
Мектеп жабдықтарының жиынтығы
1-4 сынып оқушылары үшін:
• рюкзак;
• күнделік;
• жай дәптер (20 дана);
• қаламсауыт;
• сурет салуға арналған альбом;
• қаламсап (5 дана);
• жай қарындаш (10 дана);
• тыс (15 дана);
• пластилин;
• акварель бояуы;
• сызғыш;
• өшіргіш.
5-9 сыныпта оқитындар үшін:
• рюкзак;
• күнделік;
• жай дәптер (20 дана);
• қалың дәптер (10 дана);
• қаламсауыт;
• сурет салуға арналған альбом;
• қаламсап (5 дана);
• жай қарындаш (10 дана);
• тыс (15 дана);
• пластилин;
• акварель бояуы;
• сызғыш;
• өшіргіш.
10-11 сынып оқушылары үшін:
• рюкзак;
• күнделік;
• жай дәптер (20 дана);
• қалың дәптер (10 дана);
• циркуль;
• қаламсауыт;
• қаламсап (5 дана);
• жай қарындаш (10 дана);
• тыс (15 дана);
• сызғыш;
• өшіргіш.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *