КЕСЕНЕ АУМАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНАДЫ

КЕСЕНЕ АУМАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНАДЫ

59 просмотров

КЕСЕНЕ АУМАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНАДЫ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы жасыл желекке айналады. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аймағын абаттандыру бүгінде жүйелі жүруде. Қазіргі күннің өзінде жер тегістеу және жер бетіндегі өсімдік қабатын кесу, кесене алдындағы ескі аяқ жол тақталарын алып, орнына 5000 м² құрайтын жаңа жол төсеу іске асты. 15000 м² көлеміндегі аумақ көгалдандырып, суғару жүйесі жүргізілді. Суғаруға арнайы 200м³ резервуар орны қазылып та қойды. Сондай-ақ, 1500м электр желісі жүргізіліп, қосымша 178 ағаш көшеттері егілді.

КЕСЕНЕ АУМАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНАДЫ

Сондай-ақ, қалаға келуші туристер мен қонақтар үшін көрікті гүлзарлар, арықшалар, кіші сәулеттік формалар орнатылады. Кесене аумағындағы ескі асхана мен әжетхана ғимараттары бұзылып, әжетхананың жаңа орны салынуы жоспарланған. Абаттандыру жұмыстары биыл күзде аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

КЕСЕНЕ АУМАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ОРАНАДЫ

⠀Айта кетейік, осыған дейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі алдынан жасанды көл салу жобасын архитектор Роман Шнайдерман ұсынған болатын. Дегенмен, кесененің тарихи маңызы мен тұрғындар ойын ескере отырып, жасанды көл жобасын салмау жөнінде шешім қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *